АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Европа мен Таяу Шығыс сапарында

Ол сапарының бүгінгі екінші күнінде Ресейдегі демократиялық жағдай мен Иранның ядролық қару бағдарламасы төңірегінде қандай қысым шаралары жасалуы қажеттігі жөнінде айтпақшы. Райс бүгін Польшаға аз ғана уақытқа аялдаған со,ң Түркияға өтіп, Анкарада ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізеді. Онда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кремль барлық билікті өз қолына шоғырландыруда деген бұрын айтылған сынды қайталап, сондай-ақ Иранның Бушер ядролық реакторын Ресейдің отынмен қамтамасыз етуін тоқтатуын талап етпекші. Жұма күні Райс АҚШ Иранның ядролық мәселесін соғыс жолымен емес, дипломатиялық күш-жігермен шешуді қалайды деп айтқан болатын.