Ирақта сенбі күні бірнеше жарылыс болды

Ирақ ресмилері бүгін Басраның оңтүстігінде болған бомба жарылысында 4 Ирақ солдаты опат болып, үшеуі жараланды деп айтқан. Тағы бір жол бомбасы Ирақтың солтүстігіндегі бақылау бекетінде американдық жасақтарға жақын жерде жарылған. Бағдадтан 200 шақырымдай жердегі Бейжи қаласындағы жарылыстан екі әскер қаза тауып, кемінде төртеуі жарақат алды дейді АҚШ әскерилері. Кеше Ирақ астанасында кепілдік тұтқынына түскен Италия журналисінің де тағдыры белгісіз. Бағдад университетіне жақын жерде интервью алып тұрған жерінде бұзақылардың қолына түскен Джулиана Згрена Манифесто-2 газетінің тілшісі болған. Оны қолға түсірген топ, Италияның Ирақтағы 3 мың әскерін алып кетуіне 72 сағат уақыт береміз, сонда ғана журналисті босатамыз деген шарт қойған.