"Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясы аймақтағы белсенділерін полиция қызметкерлері тінтіп, партия атынан шығатын «Дауыс ДВК» газетінің бар-жоғын тексергені туралы мәлімдеме таратты.
Оппозициялық партия Оралда полицейлер «Сөз» газетін де партиялық басылым ретінде саудадан алғанын хабарлады. Газет сатушылардың кейбіріне «Сөз» газетін сатқаны үшін 100 теңге көлемінде айыппұл салынғаны туралы ақпарат тарады.
Ақпанның 9-ы түн ортасында Көкшетау қаласында партияның Ақмола облысындағы бөлімінің бастығы Марат Жанұзақов пен оның серіктерін полиция қызметкерлері ұстаған.
Оның автокөлігін тексеріп, «Дауыс ДВК» газетінің даналары табылған соң партия мүшелерін полиция бөліміне алып барған. Оппозициялық партияның Ақмола облыстық бөлімінің бастығы Марат Жанұзақовтың айтуынша, оларды полиция бөлімінде түнгі сағат екіге дейін ұстаған.
- Менен 72 данасын алып қойды. Сағат екіге дейін отырдым полицияда. 600 дана газетті бізден тартып алды, - деді Марат Жанұзақов Азаттық радиосына.
Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының прокуроры Манарбек Сәдуов "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының жетекшілері мен полиция басшылығын беттестіріп, болған оқиға бойынша шара қолданып жатқандарын айтты.
- Партия бастығының орынбасары Виктор Новиков, сосын қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы полковник Сәкенбаев екеуін шақырып беттестірдім. Полицияға газеттің қалай, не үшін алынғанын тексеру керек деген нұсқау бердім, - деді Көкшетау прокуроры Азаттық тілшісіне.
Оппозициялық партияның Ақмола облысындағы бөлімінің бастығы Марат Жанұзақов газетті тәркілеген полиция қызметкерлерінің өздеріне қандай айып таққанын айтып берді:
- Түсіндірсек болмайды. "Сендер үкіметке қарсысыңдар, сендер соғысқа итермелейсіңдер, бізге бұйрық берді, біз соны орындаймыз" дейді.
Газет баспада емес, Алматы қаласында көшірме аппаратында басып шығарылған дейді партия өкілдері, ал Көкшетау қаласының прокуроры Манарбек Сәдуов газетті үнпарақ деп атап, олардың тәркіленуі заңсыз болуы мүмкін деген пікір айтты:
- Егер газеттің көшірмесі болса, онда оны алу - заңсыз. Оны қайтарып беруге тиіспіз.
Солтүстік Қазақстан облыстық партия бөлімінің төрағасы Әділжан Кенжеғалиевтің айтуынша, Петропавл қаласында жергілікті прокуратура, полиция қызметкерлері партия кеңсесінен газеттің 7 мың данасын тәркілеген.
Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының бастығы Думан Таев «Дауыс ДВК» газетінің тәркіленуі қаншалықты заңды жүргізілген деген сұраққа былайша жауап берді:
- Мен айта алмаймын қазір. Мен ақылдасуым керек. Біз ішкі істер министрлігіне арнайы хабарлама жібердік партия туралы. Мен телефонмен айта алмаймын.
Петропавл қаласындағы партия бөлімінің төрағасы Әділжан Кенжеғалиевтің айтуынша, полицейлер оппозициялық партия белсенділеріне: «Сендер бәрібір газетті тарата алмайсыңдар, ол заңсыз, бізге сондай бұйрық берілген» деп жауап берген.
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 ақпанда Алматы қаласында таңертеңгісін партия кеңсесінің маңында полиция қызметкерлері отырған автобус байқалған.
«Полицейлер келген кеткен адамдарды бейнетаспаға түсіріп алды. Ал, партияның заңгерлеріне Алматы қаласының прокуроры Оңғарбаевтың заң түсініктемесін көрсеткен. Онда сот ғимаратының маңында адамдардың жиналуы әділ соттың нәтижесіне төтеп беру деп түсіндірілетіні айтылған. Сот ғимаратына сыймай қалған партия өкілдері ұрықстасыз өткізілген митинг ұйымдастырды деп айыпталуы мүмкін» деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Бұл кезде аталған партияның үстінен сот үдерісі жүріп жатқан болатын.