Грузия парламенті премьер-министр лауазымына үміткерді дауысқа салуға тиіс. Грузин президенті М.Саакашвили қаржы министрі З.Ногайделиді 3 ақпанда Тбилисидегі досының пәтерінде газдан уланып қаза болған премьер-министр З.Жванияның орнына үкімет басына ұсынып отыр. М.Саакашвилидің атап көрсетуінше, премьер-министр лауазымында бекітілетін болса, Ногайдели елдегі реформаларды әрі қарай жалғастырады.