Бүгін Францияның оңтүстігіндегі Ницце қаласында НАТО елдерінің қорғаныс министрлері мәжіліс өткізіп, оның барысында АҚШ одақтастарынан Ирақтың қауіпсіздік күштерін оқыту жұмысын жеделдетуін өтінеді деп күтілуде. Ирақта осы күні НАТО-ның уәде берген 300 әскери кеңесшісінің бір жүзі ғана жұмыс атқару үстінде. Мәжілісте НАТО әскерінің Ауғанстандағы бітімгершілік операциясын елдің батыс аудандарына қарай кеңейту жоспары да жариялануы мүмкін.