Қазір Еуроодаққа төрағалық етуші Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Асселборн, Иран мен Еуроодақтың Женевада өткен жаңа келіссөзінің ізінше, Иранның ядролық қару жасауына Еуропа табанды түрде қарсы деп атап мәлімдеді. Иранның Ұлттық қауіпсіздігі бойынша Жоғарғы Кеңесінің өкілі Хуссеин Мусавиян еуропалықтармен келісімге келудің мүмкіндігі аз емес, өйткені Иран ымырашыл саясат ұстанып отыр деп мәлемдеді. Оған қарағанда Иранның өзге ресми өкілдері, мысалға президент Мухаммад Хатами қатаң көзқарас білдіріп келеді. Оның бейбінбілік мәлімдемесіне сәйкес, Иран халқы соғыстың болуын қаламайды, бірақ Иран халқының кез-келген басқыншылыққа тойтарыс беретінін әлем білуге тиіс.