Палестиндік экстремистер Израильмен арадағы бітімді орындамайды

Дүйсенбі күні Израиль үкіметі өз армиясымен шайқаста қаза болған 15 палестиндіктің сүйектерін Палестина жағына табыс етіп, өз міндеттемесін орындады. Палестинаның денсаулық сақтау министрі Джауад Ат-Тиби бұл әрекетті кішкентай болса да, аса маңызды қадам деп бағалады. Осы күні палестиндік экстремистер минатақыштан израильдік күзет постын атқылады. Иордан өзенінің Батыс жағалауында Израиль жауынгерлері пышақпен қаруланған палестиндікті атып өлтірді. Одан 2 күн бұрын экстремистік топтардың көсемдері Палестина президенті М.Аббасқа Израильмен арадағы бітімді сақтауға уәде берген болатын.