Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда сот шешімімен жабылған оппозициялық "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының басындағы жағдайды назарда ұстап отыр.
Ақпанның 15-і күні Астанада Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Димитрий Рупель Қазақстандағы оппозицияның жағдайы мен экстремизмге қарсы күрес туралы заң жобасын "күн тәртібінде өткір тұрған мәселелер" қатарына жатқызды.
ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстандағы демокртиялық қайта құрулардың болашағы мен дамуы жайына байланысты мәжіліс төрағасының пікірін сұрады. Димитрий Рупель бұл жолғы сапардың мақсаты - өзара ынтымақтастықты мейлінше пайдалы ету, Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту деді.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы оппозициялық партиялардың жағдайына назар аударды. Қазақстанда ресми тіркелген 12 партияның біреуі жақында таратылғанын айта келе, мәжіліс төрағасының осы мәселеге және «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына байланысты пікірін сұрады. Сондай-ақ ол экономика және экология саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасуға ықылыс білдірді.
Өз сөзінде Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Қазақстан 13 жылдан бері ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып келе жатқанын атап өтті.
- Үлкен жолдан өтті. Қазақстанның қоғамдық өміріндегі кейбір сәттеріне көзқарасымыздағы айырмашылықққа қарамастан Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласын демократияландыру жолында жүйелі келеді, - деді мәжіліс төрағасы.
Ол "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының сақталып қалуға "мүмкіндіктері барын" айтты.
- "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының бағдарламасындағы кейбір баптары біздің конституцияға, заңдарға қайшы келеді деп тауып, іс қозғалған болатын. Аудандық және қалалық сот ол мәселені қарап, партияның кінәсін мойындатты. Егер аталған партияның басшылары нақты көрсетілген баптарды өзгертсе, біздің заңдарға сәйкес келтірсе, онда Жоғарғы сот сол партияға тиімді шешім қабылдауы мүмкін, - деді Орал Мұхамеджанов.
Ал, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтың партиясының мүшесі, парламент сенатының депутаты Зәуреш Батталова аталған мәселеге байланысты өз пікірін былай білдірді:
- Партияны сотқа берген және жою мәселесін көтерген - билік. Себебі, ол 11 желтоқсан күні екінші съезде "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының өзінің мәлімдемесі бекітілген болатын. Сол мәлімдеме мәтінінде бірнеше сөйлемдерді "конституцияға қайшы келді" деп сараптама жасап, соған сүйеніп, әкімшілік іс қозғаған еді. Негізі онда "шешімді істерге шақыру", "биліктің барлық заңдылығынан бас тарту" деген сөздер бар. Мәжіліс төрағасы осы сөздерді не алып тастау немесе өзгерту жөн деген ойды білдірген болуы керек. Осы сөзді алмай-ақ, осы сөзге Қазақстан конституциясына, заңдарына сәйкес деп жазуға болушы еді деп мен де ойлаймын. Осы жөнінде саяси кеңестің бірнеше мүшесі пікір-ұсынысымызды білдірген едік. Өкінішке қарай, дауыстың көптігінен бұл ұсыныс қабылданған жоқ.
Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының тағдырына неліктен алаңдап отырғанын өзінше түсіндіреді.
- Бұл партия өзін оппозициялық партия деп жариялады. Сол себептен бұлардың есебінде ол оппозициялық партия есебінде тұр. Оппозициямын деген басқа пікірдегі партияны жауып жатыр дегенді естіп елеңдеп, осындай мәселені көтеріп отыр, - дейді Серік Әбдірахманов.