Тбилисиге келерінің алдында Лавровтың Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарында сепаратистермен күрес кезінде қаза тапқан грузиндерге қойылған ескерткіш басына тағзым етпеймін дегені бірқатар қайшылықтар туғызған еді.
Грузияның сыртқы істер министрі Саломе Зурабишвили бұл достық ниет емес және Ресейге жараспайтын шешім деп сынады, дегенмен де Грузия бұған бола қарым-қатынасты шиеленістіргісі келмейді деген.
Лавров та өз ұстанымын қорғап, Ресей сепаратистік жанжалдың екеуінде де арағайын болғандықтан, ескерткіш басына бару қисынсыз болар еді деп айтқан болатын.