АҚШ ұлттық барлау басқармасының директоры- Джон Негропонте

АҚШ президенті Дж. Буш АҚШ-ң Ирақтағы қазіргі елшісі, бұрын БҰҰ-ғы елші болған Джон Негропонтені Америка ұлттық барлау басқармасының директоры етіп тағайындағыны жөнінде жария етті. Бұл жаңа құрылған басқарма АҚШ-ғы 15 барлау агенттігінің үстінен қарайды, олардың ішінде Орталық барлау агенттігі де бар. Жаңа құрылым 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-қа жасалған террорлық шабуылдарды зерттеген Орталық комиссияның ұсынысы негізінде пайда болды. Ұлттық барлау агенттігінң директоры президентке күн сайын мәлімет-деректермен есеп беріп отырады.