Молдова үкіметінің мәлімдеуінше, жуырда елден қуылған Ресей азаматары тыңшылықпен айналысты. Молдованың барлау қызметінің мәлімдемесінде елден қуылған 21 Ресей азаматы адам құқын қорғаушылар, кеңесшілер және бақылаушылар ретінде келгенімен де, шындығына келгенде президент В.Воронин мен парламент депутаттығына компартиядан түсетін үміткерлердің іздерін аңдумен шұғылданған. Молдовадағы парламент сайлауы 6 наурызда өтеді. Өз азаматтарының елден қуылуына байланысты Мәскеу Кишинеуге наразылық нотасын жолдады.