Кипр аралының түркиялық жағында жексенбі күні жалпы халықтық сайлаулар болды

Оның белгілі болған алғашқы нәтижелеріне қарағанда, өкімет басшысы Мехмет Әли Талаттың Республикалық Түрік партиясы жеңіске жететін сыңайлы. Атап айтқанда Ассамблеядағы 50 орынның 26-сын Талат партиясы иеленбекші. Бұл жағдай сайлаушылар дауысының үштен бірі есептелгенде белгілі болып отыр. Аталған партия Кипр аралының қайта бірігуін қолдап келеді. Сондай-ақ Еуропа одағымен тығыз байланыста болуға ұмтылуда. Ал, аралды қайта біріктіру жөніндегі БҰҰ-ның жоспарына қарсы болушы Ұлттық бірігу партиясы 17 орынды иеленетін сыңайлы. Сайлаушылардың бұл үдеріске қатысу белсенділігі 82 пайыз болған екен.