Ресейдің қауіпсіздік күштері Солтүстік Кавказда тағы бір қарулы топты қоршады

Солтүстік Кавказда Ресейдің қауіпсіздік күштерінің қарулы жасақтардың жолын кесу операциясы жалғасуда. Чешенстанның Веденск, Итум-Қали, Ножай-Юрт аудандарындағы қақтығыстарда екі моджахед пен екі ресейлік жауынгер оққа ұшты. Қарашай-Шеркес республикасының астанасы – Карачаевскідегі бір үйде қауіпсіздік күштерінің 150 жауыгері қарулы топты қоршауға алып, екі жақты атыста олардың бірі қаза болды. Қабарды-Балқарияның астанасы – Нальчикте кеше осындай атыста 3 экстремистің көзі жойылды.