Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы басқармасы саясаткер Заманбек Нұрқаділовке қарсы қозғаған қылмыстық іс бойынша наурыздың алғашқы жартысында сот процесі басталмақ.
Соңғы бір жылға жуық уақыт Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын сынаған мәлімдемелерімен жұрттың назарын өзіне аударған саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алдағы айдың ортасына таман сот процесі басталуы мүмкін. Алайда, Нұрқаділовтің ісі бойынша тергеу жұмысын жүргізген Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы басқармасындағылар ол іске қатысты ешқандай ақпарат бермей отыр.
- Басшылықтан рұқсат алу керек, әзірге түсіндірме бере алмаймыз, - ҰҚК Алматы басқармасының баспасөз хатшысы Болатбек Төлетайтегі Азаттық радиосына.
Ал Заманбек Нұрқаділовтің өзі тергеушілердің таққан айыбын мойындамайды.
- Мен Қазақстан президентін "елдегі басты жендет, басты ұры" деп атадым. Мен оған шешен соғысына қатысы бар ма деп күдік келтірдім. Сотқа беруге жетерліктей ар-намысына нұқсан келтірдім. Бірақ неге ол бұл мәселелер бойынша мені сотқа бермейді? Ал марқұм журналист Асхат Шәріпжановты қорғай сөйлеген сөздеріме шүйлігулері – арсыздық. Бұл менің ар-намысыма нұсқан келтіреді! - дейді саясаткер Заманбек Нұрқаділов.
Естеріңізге сала кетейік, қазір шықпай жатқан «Қазақстан» газетінің былтырғы шілденің 22-де жарық көрген №26 санында Заманбек Нұрқаділовтың атынан «Мен Асхаттың алдында қарыздармын» деген мақала шыққан. Қарашаның 25-де осы мақала филологиялық сараптаудан өтіп, онда "президенттің ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер бар" деген қорытынды жасалды. Соның негізінде ұлттық қауіпсіздік комитеті Заманбек Нұрқаділовтың үстінен қылмыстық іс қозғады.
Алайда, Нұрқаділовтың адвокаты Мұстахим Төлеев қылмыстық істің қозғалуына түрткі болған мақалада жазылғандай сөздерді бүгінде басы дауға қалып отырған саясаткер ешқашан айтпаған деп отыр.
- Нақты түрде айтқан Нұрқаділов мырзаның сөздерін өзгертіп, жалған ақпарат таратқан. Сол ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитеті негізге алып, тергеп, енді ол істі аяқтап жатыр. Айтпаған сөзді айттың деп, жала жауып жатыр, - дейді Мұстахим Төлеев.
Алайда, мақаланы әзірлеген журналист әрі «Қазақстан» газетінің сол кезде бас редакторының қызметін атқарған Берік Бейсенұлы «біз жалған ақпарат берген жоқпыз, мақалада жазылғанның бәрі рас» деген қарсы уәж айтады.
- Шын мәнінде, ұмытпасам, шілденің 19-ы күні сағат 2,5-3 кезінде Заманбек Нұрқаділов Юрий Мизиновпен бірге марқұм Асхат Шәріпжановтың қазасына байланысты баспасөз-мәслихатын өткізген еді. Дәл сонда ол біздің газетте жарияланған сөзді айтты! Біз сол сөзді сол күйінде газетке бердік. Сондықтан "жалған ақпарат таратты" деулері орынсыз, - деді журналист Берік Бейсенұлы.
Ал Заманбек Нұрқаділов мақала жарық көргеннен кейін газеттің мүлдем шықпай қалғанына назар аудартады. Сондықтан, газет, бәлкім, менің атымнан жазылмаған мақаланы шығаруды көздеп, содан кейін жабылып қалуы мүмкін деген күдігін айтады Заманбек Нұрқаділов:
- Ана редактор мен орынбасарының істері бір күмән туғызады. Қалай мен бермеген материалды ҰҚК-не олар жазып береді: Нұрқаділов осылай жазып берді деп?! Онда олардың бір қағазы немесе үнтаспасы болуы керек.
Газеттің сол кездегі бас редакторы қызметін атқарған журналист Берік Бейсенұлы болса Заманбек Нұрқаділовтің сол сөзін растайтын үнтаспаның бар екендігін алға тартып отыр.
- Біз ешкімнің тапсырысын орындаған жоқпыз. Нұрқаділов қалай айтты, біз солай бердік. Диктофонға жазылған үнтаспаны ҰҚК: «Солай ма?» - деп сұрағанда, біз факті ретінде соларға бердік, - дейді Берік Бейсенұлы.
Бірақ адвокат Мұстахим Төлеев журналистің ол сөзін үзілді-кесілді жоққа шығарады:
- Мұның бәрі жалған. Егер шынымен үнтаспа болса, онда ол тергеу кезінде ескеріліп, салыстырмалы сараптама жұмысы жүргізілер еді. Ол өзі бір ғана айыптаушы-куәгер болып саналады. Ол өз жауабында «үнтаспа жоқ» деп жазбаша түрде түсініктеме берген. Ал оның қолында үнтаспаның пайда болуы - таң қаларлық жағдай.
Сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» қоғамдық қорының өкілі Ғалия Әженова әуелі жарық көрген материалға тәуелсіз сараптама жүргізу қажеттігін айтады.
- Түпнұсқа мақаламен қаншалықты сәйкес келетіндігін мұқият тексеру керек, сонан кейін ғана бір қорытынды жасауға болады, - дейді ол.
Заманбек Нұрқаділовке қарсы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы басқармасы қозғаған қылмыстық ісі бойынша сот процесі наурыздың екінші онкүндігінде басталуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда бұны билік орындарынан нақтылау мүмкін болмады.
Ал Заманбек Нұрқаділов ешқандай сот мәжілісіне бармайтындығын айтып отыр.