Қазақстан үкіметі бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының орталығы Курчатов қаласындағы «Ядролық технологиялар орталығы» технопаркін құру үшін құны 22 миллиард теңге тұратын жобаны қаржыландыра бастайтынын мәлімдеді.
Ақпанның 22-сінде Қазақстан үкіметі Курчатов қаласында ядролық технологиялар паркін құру туралы жобаны мақұлдады. Премъер-министр Даниал Ахметов Қазақстанда Алматы, Ақтау және Курчатов қалаларында орналасқан ядролық зерттеу орталықтарының әлеуетіне сай құрылым Еуропа елдерінің өзінде кездесе бермейтіндігін айта келіп, жаңа жобаны "Қазақстан ғылымы мен озық технологиясына революциялық өзгеріс әкелетін теңдесі жоқ бастама" деп бағалады.
Дәл осы уақытта ядролық орталықтың жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға тендер жарияланды. Жобаның жалпы құны 22 миллиард теңге тұрады.
Курчатов ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары Жеңіс Жотабаевтың айтуынша, бұл жоба екі деңгейде жүзеге асырылады. Жаңа технологияларды игеру үшін шетелден де ғалымдар шақырылатын болады. Ал, Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник қазірдің өзінде Курчатовтағы үш ядролық қондырғы сутегімен жұмыс істеп тұрғандығын айтады.
Жеңіс Жотабаев бұл жобаның жүзеге асырылуы 2010 жылға дейін ұзап кететін болса, таңдаулы мамандардың да шетелге кетіп қалуы мүмкін екендігін, сондықтан жаңа жобаны жеделдету қажеттігін айтып отыр. Министр Школьник ядролық орталықтардың пайда табу көзі ретінде шетелге ғылыми өндірістік жетістіктерді сатуға және бейбіт мақсаттағы уран өндіруді жолға қоюға болады деген пікір білдірді.
Ұлттық яролық орталық бас директорының орынбасары Ж.Жотабаев бүгінгі таңда халық шаруашылығына тиімді бірқатар жобалардың жүзеге аса бастағандығын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері тағам түрлерін радиоактивтік заттардан арылту, радиозотоптар, радиофармацевтикалық препараттар жасау қолға алынып жатқандығын айтады.
Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник Курчатов қаласындағы ядролық орталық пен оның инфрақұрылымын дамытудың жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға 273 миллион теңге бөлінетіндігін және ақпанның 22-сінен бастап оған тендер жарияланғандығын мәлімдеді.