Ирақ шииттерінің саяси басшылығы ел үкіметіне жаңа басшы таңдаудың соңғы мерзімі жақындап қалғанын айтуда

Ирақтағы шииттердің саяси басшылығы хабарлағанындай, Ирақ үкіметіне жаңа басшы таңдаудың ең соңғы мерзімі жақындап қалған. Бас министрліктен үміткерлер қатарында сайлауда ең көп дауыс алған екі азамат - Ирақ президентінің орынбасары Ибархим ал-Жафари және шииттерден зайырлы діни саясаткер Ахмад Чалаби бар.