Дала тышқандары телефон кабельдерін кеміріп, Швеция елінің орталық аймағы кеше 20 сағат бойы телефон байланысынан ажырап қалды. Телефон сымдарын кемірген аш тышқандардың қырсығынан мың жарым үйде байланыс болмады, мобил телефондары да байланыстан ажырап қапты. Швецияда қаңтар айының басында қатты теңіз дауылы боп, мыңдаған үйде онсыз да электр жарығы мен телефон байланысы жоғалғанына бірнеше аптаның жүзі болды.