Бас министр Ахмед Кюрей ұсынған алғашқы тізім кеше өтпей қалған. Ахмед Кюрей үкіметке реформашыл бағыттағы саясаткерлерді және кәсіби мамандарды көбірек ұсынамын деп уәде айтты. Былтыр қайтыс болған Ясир Арафаттың заманында Палестина үкіметінде коррупция көп делінетін. Үкіметте тиісті өзгеріс жасалмаса парламент депутаттары бас министр Ахмед Кюрейге сенімсіздік танытамыз деп ескертті.