Украина президенті Виктор Ющенко Ресеймен жақсы қарым-қатынасты сақтаймыз дейді

Ол өз елінің Европа одағы мен трансатлантикалық құрылымға қосылу талпынысы- Ресеймен жақсы байланыс болмайынша мүмкін емес деп айтқан. Бүгін Брюсселде Европа комиссиясының президенті Хосе Мануел Баррозумен кездесіп сөйлескеннен кейін Ющенко Украина саясаты тараптардың ешқайсысына да зиян келтірмеуі керек деп айтқан:

- Біздің шығыста стратегиялық әріптесіміз бар, ол - Ресей, ал батыс шекарамыздағы стратегиялық әріптесіміз - Европа одағы.

Украина дүйсенбі күні Евродақпен ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Ющенко сондай-ақ сейсенбі күні НАТО саммитінде өз елінің аталған одақпен байланысын тереңдете түсуге де күш салды. Европа одағы 25 елінің министрлері жақын қарым-қатынастар үшін іс-қимыл жоспарын жылдам жүзеге асыруға блоктың дайын екендігін айтқан. Украина мұнымен қатар Европа одағы Украинаның Дүниежүзілік сауда ұйымына биылғы жылы қосылу туралы ұсынысына қолдау көрсетіп, кейбір шектеулерді жеңілдетеді деп үміттенеді.