Молдова астанасында Қазақстанның екі азаматы ұсталып, кейіннен із-түссіз кеткен. Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан келген 20 адамның құрамында болған қазақстандықтарды Молдова билігі осы елдегі сайлау алдындағы науқанда заң талаптарын бұзып, заңсыз үгіттеу жүргізген деп айыптап, елден шығарған.
Молдова астанасы Кишинеу қаласында ұсталған қазақстандық екі азамат жалдап тұрған пәтерден 370 мың АҚШ доллары және 80 мың еуро табылған деген ақпарат тарады. Бұл оқиғаға байланысты Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Ілияс Омаров әзірге Молдованың сыртқы істер министрлігінен оқиғаның анық-қанығын білу мүмкін болмай отырғанын айтты.
- Қазір ақпарат жоқ, өйткені Молдованың сыртқы істер министрлігі ақпарат бермей отыр, - деді Ілияс Омаров.
Оның айтуынша, қазақстандық қос азаматқа қатысты жоғарыда баяндалған ақпаратты Молдованың қауіпсіздік қызметі таратқан. Бірақ, толық мағлұматтың жоқтығынан Молдовада хабар-ошарсыз кеткендер сол елдегі сайлауға бақылаушы болуға барғандар болуы мүмкін деген жорамал жасалған. Қазақстанның тәуелсіз ұлттық бақылаушылар желісінің президенті Дос Көшім сайлау науқаны кезінде шет елге шыққандардың қауіпсіздік шараларын алдын-ала ойластырғаны жөн екендігін айтады.
- Бақылаушылардың өміріне қауіп төнетін кездер өте көп кездеседі. Мысалы, мен Тәжікстанда броньмен қапталған автокөлікпен жүрдім, Шешенстанда бақылаушыларды танк мініп, автомат асынған күзетшілер арнайы қорғап жүргенін естідік, Грузияда бақылаушыны өлтіріп кетті. Біз өліп кетсек, денемізді жеткізетін мекен-жайды жазып, қол қоямыз, - деді Дос Көшім.
Келесі жорамал бойынша, Молдовада жоғалып кеткендер саяси технология мамандары болуы мүмкін. Қазақстанда саяси технологиямен айналысып жүрген Әзімбай Ғали Молдовадағы сайлау алдындағы науқанға барған қазақстандықтардың басты қателігін айтады.
- Көп жағдайда басқа мемлекетке барғанда сол жергілікті заңды білмейді. Бұл - ең үлкен қателік.- дейді Әзімбай Ғали.
Молдовада болған оқиғада қазақстандық екі азамат сайлау қарсаңында үгіт-насихат заңдарын бұзған деп айыпталған. Сайлау алдындағы науқанды бақылап отырған адамдардың жорамалына сәйкес, егерде қызғылт-сары революция болмаса, Молдовада наурыздың 6-сында өткелі отырған парламент сайлауында коммунистер жеңіске жетуі мүмкін. Қайсібір сарапшылар Молдова билігі революциядан қорқып, шет елдіктердің барлығын тыңшы көріп отыр дейді. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің айтуынша, сайлау кезінде әр елге де "тыңшы енгізілуі" әбден мүмкін:
- Ресейдің имиджмейкерлері бізге келеді. Біз бәрін жайып саламыз, өйткені команда біреу болады. Ал, олардың қаншалықты технолог, қаншалықты федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкері болатынын мен білмеймін, өйткені, кейде олардың білімі аздау болып көрінеді. Тыңдап отырады да, кейде бір қарапайым нәрсе айтады.
Молдованың қауіпсіздік қызметі қазақстандықтар тыңшылықпен айналыспаған, бірақ, елде заңсыз болған деген мәлімдеме жасаған. Молдова заңдары бойынша бұл жағдайда заң орындары оларды елден шығармай, тұтқындауға тиіс еді дейді Молдовадағы «Тимпул» атты оппозициялық газеттің қызметкері Алина Ангел.
Ал, Қазақстанның Молдовадағы консулдығының кеңесшісі Ерік Әшімовтың хабарлауынша, болған оқиғаға орай Қазақстаннан Молдованың сыртқы істер министрлігіне ресми түрде нота жіберілген. Бірақ, әзірге оған Молдова тарабы жауап қайтармаған.
Молдованың ақпарат және қауіпсіздік қызметі Қазақстан, Ресей және Украин азаматтары Молдова парламентінің депутаттығынан үміткер коммунистер мен Молдова президентін аңдыған деп отыр.