Қазақ диссиденті Кәрішал Асанов пен Қазақстан Жоғарғы сотының бұрынғы төрағасы, қазірде Қазақ заң университетінің ректоры әрі Демократиялық партияның төрағасы Мақсұт Нәрікбаев бір-бірінен 10 миллион доллар талап етіп, сотқа жүгініп жатыр.
Осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-ожданына тіл тигізді деген айыппен қылмыстық жауапқа тартылған қазақ диссиденті Кәрішал Асанов қазірде Қазақ заң университетін басқарып отырған, Қазақстан жоғарғы сот кеңесінің төрағасы әрі Қазақстанның демократиялық партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаевтың кезінде ұстазы болған екен. Шәкірті өз ұстазын сыйлайтынын айтады.
- Ол кісі біздің үлкен ағамыз, ұстазымыз. Мен ол кісіге тиген жоқпын, ол кісінің өзі маған тиісіп жатыр. Ол кісімен соттасқан бізге абырой әкелмейді. Ал, дегенмен, заң жағынан келер болсақ, әрине, әркім өз құқығын қорғауы керек, - деді Мақсұт Нәрікбаев.
Өз құқығын сотта қорғауға құлшынып отырған Мақсұт Нәрікбаев бұған дейін Қазақстанның бас прокуроры, Жоғарғы соттың төрағасы қызметінде болған кәсіби заңгер. Ал оның ұстазы Кәрішал Асановқа шәкіртінің республикада шығатын мерзімді басылымдардың бірінде жарық көрген сұхбаты ұнамаған.
- «Начнем с понедельника» газетінде оқырмандардың қатысуымен тікелей телефон байланысында жүргізілген арнайы сұхбатта Мақсұт Нәрікбаев оқырмандардың бірінің қойған: «Сіз ауылдағы мәдени клубты басқарып тұрғанда, музыкалық аспаптарды ұрлап сотталған деген сыбыс бар ғой, осы қаншалықты шындыққа жанасады?» деген сұрағына тура жауап бермей, мен туралы айта бастайды. Онда ол: «Кәрішал Асанов біздің ұстазымыз, ол кісі мен оқыған сыныптың жетекшісі болған» дегенді айта келіп, көлденең сөзбен мені орынсыз сынаған. Ол менің президентті сынайтынымды біледі, оппозиционер екенімді біледі, сол себептен үкіметке, президентке жағынудың әдісі деп ойлаймын. Егер Нұрсұлтан Назарбаев президент болмаса, ол маған келіп кешірім сұрайтын еді, - деді Азаттық радиосына Кәрішал Асанов.
Шәкіртінің газет бетінен айтқанын өз ар-намысына нұқсан тигізді деп тауып, Мақсұт Нәрікбаевтан моральдық өтем ретінде 10 миллион доллар талап етіп сотқа жүгінген Кәрішал Асановтан кейін сотқа өз шағымын Мақсұт Нәрікбаев та берген. Ол Кәрішал Асановтың соңғы 10 жыл ішінде жазған мақалаларында өзінің атына әлденеше рет орынсыз айтылған сөздер барын еске алып, сотқа шағымданған.
- Біріншіден, алдымен мені сотқа беріп жүрген Кәрішал Асановтың өзі. Менікі сол кісінің талап-арызына қарама-қарсы талап арыз, солай деп түсіну керек, - дейді Мақсұт Нәрікбаев.
Бұл даулы іс бойынша ақпанның 24-іне белгіленген алғашқы сот отырысына диссидент Кәрішал Асанов келгенімен, Қазақстанның демократиялық партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев келген жоқ. Оның себебін сұраған Азаттық радиосына Мақсұт Нәрікбаев былай деп түсіндірді:
- Маған онда барудың керегі жоқ деп есептеймін. Себебі, онда менің сенімді өкілдерім жүр.
Өз оқушысына өкпе айтып жүрген Кәрішал Асанов болса егер Мақсұт Нәрікбаев өзінен келіп кешірім сұрағанда оны кешіріп, бейбіт келісімге келуге дайын болғанын айтады. Алайда Нәрікбаев ондай ұсыныстан бейхабар болып шықты. Шәкірт пен ұстаз арасында орын алған дауды қарастыратын соттың кезекті отырысы наурыздың 4-іне қалдырылды.