Сербия үкіметі сот басталмай тұрып, Гаагадағы трибуналдан М.Гвероны босатуды өтінбекші

ГААГА. Әскери қылмыстар бойынша Халықаралық трибунал бүгін босниялық серб генералдары Радивои Милетич пен Милан Гвероға қарсы әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны туралы айып шығарды. Милетич – 1993-1995 жыл аралығында Босниядағы ұлтаралық жанжал кезінде босниялық серб армиясының бас қолбасшысы болған. Оған, Гверомен екеуіне – 1995 жылы Сребреница қаласында 7 мыңнан астам босниялық мұсылманды қырды деген айып тағылды. Халықаралық трибуналдың қолына өз ықтиярымен баруды ұйғарған Милан Гверо Гаагаға бүгін аттанды. Сербия үкіметі сот басталмай тұрып, Гаагадан Гвероны босатуды өтінбекші.