Иранның ядролық мәселе бойынша бас өкілі Хасан Раушани кеше Парижде Франция президенті Жак Ширакпен пікір алысты. Хасан Раушани президент Жак Ширак Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздерге жаңа серпін берді деп сипаттады, бірақ, егжей-тегжейлі мәлімет айтқан жоқ. Жак Ширактың өкілі болса, Франция президенті Иран өз ядролық қызметі әскери мақсатқа бағытталмағаны жөнінде әлі де болса объективті кепілдеме беру керек деп айтқанын хабарлады. Мұндай жағдайда Иран бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасында халықаралық әріптестікке қол жеткізеді делінді. АҚШ-тың пайымдауынша, Иран жасырын түрде ядролық қару өндіріп отыр. Иран мұны жоққа шығарады.