Мәскеу. Осында сотта ісі қаралып жатқан Ресейдегі ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Ходорковский заңды бұзған жоқпын, ал тағылып отырған кінәлардың барлығы ойдан шығарылған деп айтты. ЮКОС компаниясының банкрот мәслесіне қатысты АҚШ-тан сұраған қорғаныс жөніндегі өтініші орындалмай қалды. Ресей үкіметі ЮКСО-ты банкрот деп жариялап, 27,5 млрд доллар қарызын өтеуі мақсатында компанияның мүліктерін сатып жіберді. Ал талдаушылардың болжамына қарағанда, ЮКОС-тың бұрынғы басшылығын үкімет саяси мақсатта қысымға алып отыр.