Ресей – адам құқығының жайына қатысты қатты сынға алынған елдердің қатарында аталды

ВАШИНГТОН. Кеше АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті дүние жүзіндегі адам құқықтарының ахуалы туралы жылдық есебін жариялады. Сөз бостандығын шектеу және Кремльдің облыс әкімдерін тағайындауға көшуіне байланысты Ресей қатты сынға алынған елдердің қатарында аталды. Есепте Беларуссияда саяси оппозиция қудаланып, сөз бен сайлау еркіндігі аяқасты болып, адам құқықтарының ахуалы күрт нашарлағаны атап көрсетілді. Мемлекеттік департамент Сауд Арабиясы, Мысыр, Сирия, Иран және Қытайда адам құқықтарының бұзылғанын нұсқайды.