Грузияда жікшіл республика - Абхазияның президенті Сергей Багапш бас министр Александр Анквабтің өміріне жасалған қастандық әрекеттің саяси мақсаты жоқ деп мәлімдеді. С.Багапштың пікірінше, бұл қастандық - қылмысты топтың іс-әрекеті. Кеше дүйсенбі күні кешке таман белгісіз қарулы адам Сухумидің солтүстігіндегі Гудаута ауданына бара жатқан кезде елдің бас министрі Анквабтың көлік керуеніне автоматтан шабуыл жасаған болатын. Ол жерден қылмыскер қашып құтылған. Ал Анкваб өз орынбасарының көлігінде болғандықтан ешқандай зақым алмаған.