ТАШКЕНТ. Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, британдық министр Билл Раммел Өзбекстандағы адам хұқықтары туралы сөз қозғаймын дегеннен кейін, Өзбекстан үкіметі оның Ташкентке сапарының өзгеретінін жеткізген. Өзбекстан үкіметі оның ешқандай ресми себебін айтқан жоқ.