Наурыздың 2-сі күні Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан консулдығы ашылды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, консулдық алдағы уақытта экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, Омбы мен Қазақстан арасындағы барыс-келіс мәселелерін жеңілдету мақсатында жұмыс істейтін болады.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің бастығы Уәлихан Қоңырбаевтың айтуынша, Омбы қаласында Қазақстан консулдығының ашылуы алдағы уақытта Ресеймен арадағы байланыстың нығайып, мәдени-экономикалық ынтымақтастықтың арта түсуіне әсер етпек:
- Қазір біздің бас консулдық Санкт-Петербург қаласында жұмыс істеп жатыр. Астрахань қаласында да бар. Мәскеудегі елшілік өз алдына. Енді қосымша осы Омбы қаласынан ашқан себебіміз - екі жақтың сауда-саттық саласындағы байланысын дамыту, барыс-келіс мәселелерін әлі де болса жеңілдетіп, ынтымақтастықты күшейту. Сондай-ақ, консулдық Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғаумен де айналысатын болады.
Бүгінде Омбы облысында 100 мыңнан астам қазақ тұрады. Облыстағы Қазақ мәдени автономиясының президенті Әнуарбек Бейсенқажыұлының айтуынша, автономияға түрлі өтініштермен келетін қазақтар аз емес. «Олардың барлығының мәселесін шешуге автономияның шамасы жете бермейтін. Енді бұндай мәселелердің біразын консулдық арқылы шешуге мүмкіндік туып отыр» дейді Әнуарбек Бейсенқажыұлы:
- Оқу-білім мәселесі, жұмысқа орналастыру, әсіресе, жаңадан оқу бітірген жастарды жұмыспен қамту қиынға соғып отыр. Соның бәрін консулдық арқылы шешетін болдық деп қуанып жатырмыз.
Омбыда Қазақстан Республикасы консулдығының ашылуы аймақта тұратын қазақтар үшін де маңызды дейді Омбыдағы қазақ мәдени орталығының өкілі Бақыт Жүнісова:
- Қазір бізде қазақ тілі мен мәдениетін дамыту мәселесі алғашқы кезекте тұр. Сонымен қоса, көшіп-қонып жатқан да азаматтар бар. Солардың проблемаларын да шешуге септігі тисе дейміз.
Жазушы Тұрсын Жұртбай Омбыда консулдықтың ашылуын Қазақстанның рухани өмірі үшін де маңызды оқиға деп есептейді. «Географиялық жағынан іргелес жатқанымызбен де Омбыдағы қазақтың тарихына қатысты құнды деректердің көшірмесінің өзін алу оңай емес. Омбының мұрағаттарында сақталған құнды деректер қолға берілмейді. Ол жерде кем дегенде Қазақстан тарихының 100 томдық шежіресі жатыр» дейді жазушы.
- Бодандыққа кірген күннен бастап кешегі Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі қазақ даласының қай жерінде қандай шөп бар, қандай елді мекен, қандай өзен-көлдері, орман түрлері бар - солардың барлығы қағазға түскен. Егер соның барлығы біздің қолымызға түсетін болса, консулдық өз мағынасын толық ақтады деп ойлаймын. Ресей жеріндегі Қазақстанның тарихы үшін маңызды болып есептелетін жер, су аттарының өзгеріске ұшырамай, сол қалпында сақталуына да консулдықтың әсері болуы мүмкін. Сондай-ақ, ашылып отырған консулдық білім мен ғылым байланысының да нығаюына септігін тигізсе құба-құп, - дейді жазушы Тұрсын Жұртбай.