Заң жобасында үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына бюджеттен қаржы бөлу көзделіп отыр. Оған сәйкес, елдегі барлық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатыса алады.
Қазақстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосыбаев заң жобасының мақсаты да осы екенін айтады. Алайда, депутаттар бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуы жайына алаңдайтын сыңай танытып отыр.
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы және мемлекеттік сатып алу туралы заңдарға толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобалары барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар үшін маңызды, себебі олар үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына бюджеттен қаржы бөлуге мүмкіндік береді. Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы орын алған проблемаларға жедел жауап беріп, тұрғындарға әлеуметтік көмекті тиімдірек көрсетеді, - дейді мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосыбаев.
Министр Қосыбаев заң жобасын бастапқы талқылау кезінде көптеген үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар тарапынан жобаның біркелкі бағаланбағанын, олардың тарапынан «үкімет өзіне қаржылай тәуелді, «қалтадағы» ұйымдар құруға тырысуда» деген күдіктің болғанын, алайда, осы мәселе жөнінде дөңгелек үстел жиындарын өткізудің нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдардың бұл жобаға қолдау білдіргенін айтады.
Парламент сенатының депутаты Абылхан Машаниды алаңдатып отырған мәселе - әлеуметтік тапсырыс бойынша бөлінетін қаржының қалай орындалатындығы. Ал, сенатор Әбіш Кекілбай мемлекеттік тапсырысты орындайтын жарыспалы құрылымдар құру арқылы әлеуметтік бақылауды күшейтеміз деген пікірде.
Бұл заң жобасы бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсауға жол бермей ме деген кейбір депутаттар пікіріне Министр Е.Қосыбаев ешқандай қауіп жоқ деген басу айтып отыр. Ал, сенат депутаты Уәлихан Қайсаров елдегі үкіметтік емес ұйымдарға мұндай заңсыз да жұмыс істеуге болады деп есептейді. «Ақжол» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы қандай бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс берілетінін заңда анықтап алу керектігін айтады.
- Үкіметтік емес ұйымдардың конкурстарға қатысу-қатыспау жайын олардың өздері шешеді. Бірқатар үкіметтік емес ұйымдар бізге мұның қажеті жоқ деп жатады. Бұл - олардың құқығы, - дейді Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының президенті Валентина Севрюкова.