Қазақстанда «Әділетті Қазақстан үшін!» жаңа қоғамдық қозғалысы құрылтайынфң қарсаңында оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділов президент Нұрсұлтан Назарбаевты тағы да саяси жекпе-жекке шақырып отыр.
Наурыздың 9-ы күні Қазақстанның демократиялық күштерінің үйлестіру кеңесі «Әділетті Қазақстан үшін!» атты жаңа қозғалыстың мән-жайын түсіндіріп, журналистермен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаттық радиосына мәлім болған ақпаратты сейсенбі күні Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы растады:
- Наурыздың 9-ында баспасөз-мәслихатын өткіземіз. Еліміздегі демократиялық күштер «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысы туралы мәлімдеме жасауы мүмкін деген жорамал бар. Сонда барлығын таратып, қозғалыстың мән-жайын, мақсатын айтамыз.
Сенімді ақпарат көзі алдыңғы аптада өткен үйлестіру кеңесінің отырысында жаңадан құрылатын қозғалыстың басты құжаты – манифестің қабылданғанын айтты. Алайда, сейсенбі күні осы құжатқа байланысты Азаттық радиосының сұрағына берген жауабында Қазақстан демократиялық күштері үйлестіру кеңесінің төрағасы Жармахан Тұяқбай қозғалыс құру жайы сөз болғанымен, манифестің әлі толық қабылданбағанын жеткізді.
- Манифесті қабылдау туралы әңгіме болды, әлі қабылдаған жоқпыз. «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының алдағы іс-әрекеттері туралы мәселе талқыланды, - Жармахан Тұяқбай.
Ондай құжаттың барын «Ақ жол» партиясының келесі бір тең төрағасы Ораз Жандосов та растады.
- Бар, қағаз дайындалып жатыр. Бірақ, манифест емес, аты басқа болады. Қазір толықтай дайын емес. Бүгін-ертең...
Жандосовтың сөзіне қарағанда наурыздың 20-ы шамасында «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының құрылтай жиыны өтпек:
- Наурыздың 20-сы немесе 27-сі деп қазір ақылдасып отырмыз. Осы айдың аяғына қарай.
- Онда қандай мәселе қаралмақ?
- Сайлау алдында қозғалысты ұйымдастыру мәселелері.
«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Серікбай Әлібаев жаңа қозғалыстың басты құжатының мазмұны оппозиция ұсынған конституция жобасы мәтінімен сәйкес келеді деп есептейді.
- Бұл құжаттың жобасымен таныстық. Біріншіден, халықтың жағдайы қандай болмақ? Сөз бостандығы, демократия, таза сайлаудың өткізілуі, ең бастысы - халықтың қолына нақты биліктің келуі. Барлығы Конституция жобасымен сәйкес әзірленеді, - деді Серікбай Әлібаев.
Ол жеке саясаткер ретінде жаңа қозғалыстың жұмысына өзінің араласатынын, бірақ, қозғалысқа «Ауыл» партиясының кіруі екіталай дегенді айтады:
- Төрт облыста болдық. Саяси мәселелерге «Ауылдың» көзқарасын білесіз ғой, ерекшелеу. Демократияның мәнісін түсінеді, бірақ, қазіргі жобадағы манифесті қолдайды деп айта алмаймын.
Ал Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин коммунистердің «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы құрамынан табылатындығын айтты:
- Бұл қозғалысты біз құрып жатыр емеспіз бе?! Қозғалысты құрып жатқан партияның біріміз!
Алайда, оппозициялық партиялардың бір қозғалыстың астына жиналып, үлкен күш болатындығына президент саясатын қолдайтын саяси күштердің бірі - «Руханият» партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанова сенбейді:
- Үлкен күш болады дегенге сенбеймін. Өйткені, әркімнің пиғылы, ойы - басқа, қазір халықты сыйлауды қойды ғой. Партиялардың артында үлкен ақша, олигархтар тұрмаса, оларды ешкім сыйламайды да...
Ал осыдан бір жылдай бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын сынап, іле-шала республикалық төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік төрағасы қызметінен жедел алынған Заманбек Нұрқаділов әліптің артын баққан дұрыс деген пікірде:
- Басталсын, сонан соң айтайық. Басталмай жатқанды былай болады, алай болады деп айту қиын.
Сөз арасында Заманбек мырза дүйсенбі, наурыздың 7-күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты кезекті саяси сайысқа шақырғанын мәлімеді:
- Мен Нұрсұлтан Назарбаевты ашық эфир арқылы жекпе-жекке шақырып отырмын. Кездесу орнын да белгіледім: 1993 жылы Назарбаев екеуіміз сол кездегі Жоғары Кеңесті тарқатқан ескі парламент ғимаратындағы «дөңгелек зал» бар ғой, сол жер! Халық қарап отырсын, Әкежан Қажыгелдин, Ғалымжан Жақиянов келсін, қоғам қайраткерлерін шақырайық. «Сен өкпеңді айт, мен сұрақтарымды қояйын. Ар-намысыңды қорғағың келсе, сол жерге кел!» деген шақыру жасадым оған.
Ал «Руханият» партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанова Заманбек Нұрқаділовтің бұл әрекетін түсінбейтіндігін айтты:
- Кеше ғана жақын болған адамдардың енді бүгін бір жаққа шығып кетіп, көрместей ауыр нәрселер айту маған онша ұнамайды. Дос болдың ба, жоғары лауазымға жеттің бе, байлық жинадың ба - рахмет айту керек емес пе?! Ешкімнің әкесінен қалған мұрасы жоқ қой!..
Алайда, дүйсенбі күні президентке шақыру жолдап қойғанын айтқан саясаткер Заманбек Нұрқаділов енді Нұрсұлтан Назарбаевтан шақыруына жауап күтіп отыр. Ал Қазақстанның демократиялық күштерінің үйлестіру кеңесі сәрсенбі күні өзінің кезекті саяси мәлімдемесін жария етпекші.