Қазақстан басшысының Орталық Азия еллдері одағын құру туралы ақпан айында айтқан бастамасына ресми Өзбекстан мен Қырғызстан тарапынан әлі нақты қолдау білдірілген жоқ. Ал Қазақстанның мемлекеттік ақпарат құралдары бұл ұсынысты кеңінен насихаттай бастады.
Қырғыз азаматы Тоқтағұлов Әбдрашидтің отбасын асырау үшін көрші Қазақстанға келіп, сауда жасап жүргеніне 12 жыл болыпты. Ол өзінің туған жері Қырғызстанда өмір сүру Қазақстанмен салыстырғанда әлде-қайда қиын дейді. Ал Әзиз есімді келесі бір жігіт Қырғызстанның ең беделді деген жоғары оқу орнын бітіріпті. Бірақ, соған қарамастан, бүгінде ол ақша табу үшін туған жерін тастап, Астананың қара базарында қара жұмыс істеп жүр.
- Оқуымды бітірген соң маған университетте қалып, жұмыс істе деп ұсыныс жасады. Бірақ, ондағы алатын ақшаң 1000 сом. Ол жол ақыңа да жетпейді. Ал мен Астанада айына 100-150 АҚШ долларындай табыс көрем. Бұл менің өз басыма және туыстарыма көмектесуге жетеді, – дейді Әзиз.
Ал келесі сұхбаттасымыз Махмұд болса, Өзбекстанның шалғай өңіріндегі қышлақтан келіпті. Ол қазір Астанадағы құрылыс жұмыстарының бірінде жұмыс істейді екен. Бірақ ол «түбінде Өзбекстанда әлеуметтік жағдай жақсарса, еліме қайтам» дейді.
Осылайша, Орталық Азия мемлекеттері ішінде өзара қоныс аудару үрдісі кеңінен жүріп жатыр. Олар әсіресе табиғи ресурстарға бай мемлекет Қазақстанға қарай ағылуда. Ал Қазақстан президенті өзінің биылғы жылы республика халқына арнаған жолдауында «жаһандық геоэкономикалық проблемаларға қатысты дұрыс ұстанымның маңызы үлкен» деп, Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынған еді.
Бірақ, Қазақстан басшысының бұл бастамасына бүгінгі күнге дейін Өзбекстан не болмаса Қырғызстан билігі тарапынан ресми қолдау білдірілген жоқ.Оның себебін Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Еркін Бөлекбаев өз еліндегі «ішкі саяси ахуалдың қиындап кеткенінен, қазіргі биліктің сыртқы саясатқа мән беруге мұршасы болмай отыр» деп түсіндіреді.
- Бірақ, Орталық Азия Одағын құру мәселесі алдағы көкек айында қаралуға тиіс, – дейді Қырғыз парламентінің мүшесі Еркін Бөлекбаев.
Осы Қырғызстандағы «Асаба» партиясының жетекшісі Әзімбек Бекназаров болса, «Орталық Азия елдері Одағын құруға байланысты Қырғыз президенті Асқар Ақаев ешқандай пікір білдірген жоқ» дейді. Орталық Азия елдері одағын құруға байланысты ресми Өзбекстан «бұл ұсынысты ең бірінші болып Ислам Кәрімов айтқандығын айтып отыр» дейді Азаттық радиосы өзбек қызметінің тілшісі Садриддин. Ал «Өзбек оппозициясы керісінше, бұл бастаманы ресми билік қолдамай отыр деп айтады» дейді ол.
Мемлекеттік дипломат, Қазақстанның Чехиядағы төтенше және өкілетті елшісі Шәріп Омаров болса, Орталық Азия елдері Одағын құру дұрыс бастама болғанымен оны жүзеге асыру үшін 5-10 жылдың өзі аздық етеді деген пікірде.
- Еуропалық Одақтың өзінің жиналғанына қаншама уақыт болды?! Соның өзінде де жаңадан қосылған мемлекеттердің дамуымен бұрынғы дамыған мемлекеттердің арасындағы алшақтық әлі көп. Сондықтан, Орталық Азия елдері Одағын құру бір күнде жасалатын мәселе емес, – дейді Чехиядағы Қазақстан елшісі Шәріп Омаров.
Қазақстанда жарық көретін «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллиннің пікірінше, Орталық Азия елдері Одағын құру бастамасына байланысты Өзбекстан оның басты жетекшісі кім болады деген сауалда өзінің мінезін көрсетуі мүмкін.
Совет одағы ыдырағаннан кейін, 1994 жылы аталған үш мемлекеттің басшылары бірігіп, Орталық Азия елдерінің экономикалық қауымдастығын құрған еді. Алайда, кейіннен, 2001 жылы Өзбекстан президентінің ұсынысымен ол Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына айналды. Ал 2004 жылы бұл ұйымға Ресей мемлекеті де мүше болып кірді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпан айының 18-де халыққа арнаған жолдауында «Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады» деп мәлімдеген еді.