Еуропа коммиссиясы Ресейден Шешенстандағы жанжалды және адам құқықтарын бұзуды тоқтатуды талап етті

ЕуроКомиссия өкілі Тардионың айтуынша, Аслан Масхадовтың қазасы - елдегі тұрақсыздықтың белгісі. ЕуроОдақ солтүстіктегі адам ұрлығы және өзге де қорлық, азаптау жағдайына алаңдаулы көрінеді. Марқұм Масхадовтың Лондондағы өкілі Ахмад Зақаевтің айтуынша, жақын арада Масхадовтың мұрагері белгілі болып қалады. А.Зақаев сәрсенбі күні тілшімізге берген сұхбатында, ресми Мәскеу Масхадовтың қалай өлтірілгендігін, ақиқаттан сырт, өздерінше суреттеуге тырысып жатқанын айтты:

- Президент Масхадов Қыстақтағы бұл жоспарлы операция барысында болған атыс кезінде қаза тапқан. Олар айтқандай, ол арада жертөле–бункер де, жарылыс та болмаған.

Мәскеу А.Масхадовты әскери және азаматтық нысандарға жасалған бір қатар шабуылдарға қатысы бар деп айыптап отыр.