БҰҰ-ының Бас хатшысы терроризм мәселесі бойынша конференцияда сөз сөйлейді

МАДРИД. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан бүгін Мадридте терроризмге қарсы күрес мәселесіне арналған конференцияда сөз сөйлейді. Мадридте 191 адам құрбан болған жолаушы поезына жасалған террористік қастандыққа осы жұмада 1 жыл толады. Өз үндеуінде К.Аннан терроризмнің алдын-алу шараларына белсенді атсалысқан БҰҰ-ына мүше елдерге алғыс білдірмек. Мадридте өтіп жатқан бұл жиынға Ауғанстан президенті Х.Қарзай да келіп, “Испанияға келгеніме және Ауғанстанға көрсеткен көмегі үшін испан халқына ризалығымды білдіретін мүмкіндік туғанына өзімді бақытты санаймын; өткен жылғы террористік қастандықтан қайғырған испан халықының қайғысын бөліскім келеді” деп мәлімдеді.