Ливан басшылары БҰҰ-ның өкілімен кездесті

ББҰ-ның арнайы өкілі Терие Ройд-Ларсен бүгін Ливан әкімшілігінің жоғарғы лауазымды үш тұлғасымен кездесетін болады. Бұдан бір күн бұрын ол өкіл Сирия елбасы Башар әл-Асадтың өз әскерлерін Ливаннан толық түрде шығаратыны жөніндегі уәдесін алған болатын. Асад мырза ол үдерістің арнайы кестесін белгілеуге келіскен екен. Кестенің егжей-тегжейі жөнінде осы апта ішінде БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанға мәлімдейтіндігін Ларсен мырза айтты. Ешқандай күн белгіленіп айтылмағаннан кейін бұл әрекеттер Сирияға қарсы қозғалысты тыныштандыра ала ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Дүйсенбіде Бейрутте бұрынға Ливан өкімет басшысы Рафиқ Хариридің қаза болғанының бір айлығы атап өтілмекші.