Қазақстандағы бір кездері 1 миллионға жуық болған бөкендер саны қазір 30 мыңға құлдырап, құрып бітуге жақын қалды деп дабыл қағады табиғат қорғаушылар. Олар Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері киіктердің саны 96 пайызға азайып кеткенін айтады.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бір аптадан кейін аңшылық маусымы ашылады. Бұл туралы наурыздың 15 күні аңшылық және орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Наурызбай Қадіркеев хабарлады. Ал, табиғат қорғаушы қоғамдық ұйымдар заңсыз аңшылықтың салдарынан әлемде тек Қазақстанның шөлейт аймақтары мен қалмақ даласында ғана кездесетін киіктер жойылып кету алдында тұрғанын айтады. Аң аулаудың байлар мен шенеуніктер арасында ермекке айналып кеткенін табиғат қорғаушылар да, ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері де мойындап отыр.
Қазақ елінде ежелден бері аңшылыққа көп көңіл бөлініп келген. Ақсақалдардың айтуынша, ертеректе бір бүркіт үшін аңшылар 5-6 түйеге дейін берген жайттар болған екен. Совет одағы кезінде Қазақстанда әсіресе қасқырға көп аңшылар шығатын, өйткені Қазақстандағы қасқырлар саны әлемдегі ең көбі. Бірақ, қазір олардың да саны азайды.
Ғалымдардың мәліметінше, Қазақстанда сүт қоректілердің 150 түрі және құстардың 500 түрі бар. Заңсыз аңға шығатын адамардың кесірінен олардың кейбіреуінің саны азайып барады, дейді ғалымдар. Мысалы соңғы 11 жылда Қазақстанда бөкендер саны 96 пайызға азайған деп хабарлайды «Арлан» атты жабайы табиғатты қорғау жөніндегі қоғамдық орталық басшылығы. «Киік» бағдарламасының менеджері Аманай Мырзабаевтің айтуынша, орман және аңшылық комитеті киіктерді қызыл кітапқа кіргізбей отыр:
- Киік, өкінішке қарай, қызыл кітапқа тіркелмей отыр, ауыл шаруашылық министрлігінің аңшылық және орман шаруашылығы комитетіне берген біздің ұсынысымызға қарамастан, осындай жағдай орын алып отыр.
Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын байқаймыз, дейді табиғат қорғаушылар.
Олардың айтуынша, ауыл шаруашылық министрлігі бөкендерді сақтап қалуға бағытталған ұсыныстардың тек 40 пайызын қабылдаған. Ал, аңшылық және орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Наурызбай Қадіркеев болса, бұл мәліметті теріске шығарып отыр:
- Олар қоғамдық ұйым. Мүмкін оларға халықаралық ұйымдар қаржы берген болар. Соған есеп беру үшін, оларға осындай шоу керек. Бізге олар айтса да айтпасада бәрібір. Біз өз жұмысымызды жасап жатырмыз.
«Киік» бағдарламасының мамандары, «осы уақытқа дейін бөкендерді есептеумен оған аңшылық жасап келген ұйымның өзі айналысқан. Сондықтан, оларға бөкендердің санын көбейтіп жазған тиімді», дейді. Охотзоопром республикалық мемлекеттік кәсіпорыны бөкендерді аңшылардан қорғауға тиісті, бірақ оның құрамындағы 14 топ барлық Қазақстанға жетпейді деген пікір бар.
Өйткені бөкендер мекендейтін бетпақ даланың тұрғындары бөкендердің мүйізін сатып күнелтіп келген. Ал, рұқсатсыз аңға шыққан адамдарға салынатын айыппұл үлкен емес, сондықтан, бұл кәсіп түрі төмендейтіні екі талай, дейді табиғат қорғаушылар. Табиғат қорғаушыларда ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері де аң аулаудың байлар мен шенеуніктер арасында ермекке айналып кеткенін мойындап отыр. Аңшылылқ және орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Наурызбай Қадіркеевтің айтуынша, аңшылар аңға қыста «Буранмен» жазда джип көліктерімен шығатын болған:
- Қарда жүре алатын көліктер көбейгелі қасқырды сылтау қылғандардың қолдарына көбінесе елік тиеді. Ертеректе шынында қасқыр еліктерге кесірін тигізетін. Қазір кісілер байығалы сондай көліктермен шығып, қасқырларды атып бітірді.
«Киік» бағдарламасының мамандары егер бөкендер қызыл кітапқа енгізілсе, оны қорғау шаралары күшейіп, аңшыларға салынатын айыппұл мөлшері едәуір ұлғаяды, дейді. Бірақ, біреулер бөкендерді қызыл кітапқа енгізгісі келмейді. Өйткені олар оған аңға шығуға құмар, дейді табиғат қорғаушылар. Аңшылық саланы қадағалайтын Қазақстанның бас инспекторы әрі аңшы Жанат Дүйсенбековтың айтуынша, шенеуніктермен ірі кәсіпкерлердің қызыл кітапқа енген жануарларды да атқан жағдайлары болған:
- Қара құйрық қызыл кітапқа енген. Оны «Алматыэнерго» кәсіпорнының бастығы Казиев орынбасарымен қасында тағы біреу бар қағып түсіріп, одан кейін біздің жігіттер оны тоқтатпақшы болғанда тоқтамай қағып өлтірмекші болған.
Бөкендерге аңшылық жасауға салынған тыйым биылғы жылдың жазында аяқталады. Ал, оны ұзарту тек желтоқсан айында жүзеге асуға тиіс, соның кесірінен біз кешігіп қалып, бөкендерден мүлде айырылып қалуымыз мүмкін, дейді қоғамдық орталық өкілдері.