Биыл наурыздың 8-інде қаза тапқан Шешенстанның бұрынғы президенті Аслан Масхадовты терроршы деп атап, Ресей билігі марқұмның мәйітін туыстарына жерлеуге бермей отыр.
Адам құқықтары топтарының хабарлауынша, Ресей Шешенстанның бұрынғы президенті Аслан Масхадовтың өлімі арқылы өткен 6 жылдық соғыста кімнің жеңіскер екендігін әлемге тағы да бір көрсетпек.
- Оған негізгі дәлел, Мәскеу Масхадовты өлтірісімен-ақ оның жерде жатқан қанжоса денесін теледидардан қайта-қайта көрсетумен болды, - дейді "Хьюман Райтс Уотч" ұйымының өкілі Александр Попов.
Бұл қиын көріністің өз-ақ Ресейдің жақын болашақта жікшіл шешен еліндегі өз әскери басқыншылық әрекеттерін тоқтатпайтындығын байқатқандай.
- Аслан Масхадовтың жартылай жалаңаш денесін мемлекеттік барлық теле арналардын көрсетілуінің өзі марқұмға деген екі удай сезім оятты, бір жағынан халық өкінсе, екінші жағынан ресми әкімшіліктің ол тірлігіне деген ел қахарын көрсетті. Шешенстан сықылды елде мұндай жолмен Ресей ешқашан бейбітшілік орната алмас, - дейді адам құқықтары ұйымы өкілі.
Міне енді Мәскеу марқұмның мәйітін туыстарына қайтармаймыз деп тағы да елдің қарғысына душар болып отыр. Олар бұл тірліктерін өлтірілген лаңкестердің денесін ресми орындар бермей алып қалуға құқылы деген заңмен дәлелдемек болады.
Мәскеу Аслан Масхадовқа көптеген террорлық қылмыстарды тағып келеді. Өткен жылғы Бесландағы террорлық шабуылды да Масхадовтан көреді. Бірақ ол лаңкестік шабуылдарын Аслан Масхадов ешқашан мойындаған емес, Ресей де ол қылмыстар үшін Масхадовты айыптағанымен ешқашан дәлелдеп мойнына қоя алмаған.
"Мемориал" тобынан Ингуш елінде қызмет істейтін Байсаевтің айтуынша, шешен халқы Аслан Масхадовты 1997 жылы заң жүзінде сайланған президенті деп есептейді.
- Ал марқұмның денесін бермеу арқылы Ресей шешен халқына тағы да бір кезекті соққы беріп отыр. Бұл ісімен Мәскеу халықты рухани қысымға алмақ болғанымен, керісінше олардың Ресей басқыншылығына қарсы бел байлап кірісуіне түрткі болмақ, - дейді Байсаев. - Ресей психологиялық қысым арқылы елдің ар-намысына тиіп, рухани соққы беруде. Бірақ мұның кері әсері болмақ. Масхадовтың мәйітіне байланысты тірліктері үшін жастар ашу-ызаға бұлығып, өз ар-намыстарын қорғау үшін, енді алдағы шабуылдарға дайындалып тауларға жол тартпақ.
Дүйсенбі күні орыс күштері Аслан Масхадов соңғы кезде табылып өлтірілген үйді бүткілдей қиратып жермен жексен қылған. Федералдық күштер әдетте террорлық әрекет орын алған үйлерді қиратумен келеді. 2002 жылы Мәскеудегі Норд Ост театрында болған дағдарыстан кейін тұтқындаушылардың тыустарының үйлерін жер бетінен сыпырып тастаған болатын.
Ал енді талдаушылар Ресей күштерінің Масхадов болған үйді қыратуы оның өліміндегі құпияға байланысты деп есептейді. Мәскеу Масхадовпен байланысты жерлердің жұрт сыйынатын орынға айналып кетуін қаламайды. Себебі, 1996 жылы қасақана өлтірілген Шешенстанның ол кездегі президенті Джохар Дудаев жерленген қорым жұрт зират ететін орынға айналған.
Дегенмен, Байсаевтың айтуынша, шешен халқы Масхадовты кез-келген жағдайда да ұмытпайтын болады.
- Шешендер - мұсылмандар. Олар үшін мола емес марқұмның денесі үлкен маңызға ие. Кремльдегі Ленин мовзолейі сықылды барып сыйынбайды. Мұсылман шешендердің ұғымында, марқұмның денесіндегі жанды Жаратқан Алланың өзі алады. Әңгіме сонда, - дейді Байсаев.
"Мемориал" тобы өкілінің айтуынша, Ресей бәрібір ертелі ме, кеш пе, Масхадовтың туысқандарына денесін береді. Бірақ шешен халқының Мәскеуге деген қахарын олар жоя алмайды, дейді Байсаев.