“УорлдКом” корпорациясының бұрынғы президенті алаяқтық жасағаны үшін айыпты болып танылды.

НЬЮ-ЙОРК: АҚШ-тағы маңдайалды телекоммуникациялық компаниялардың бірі - УорлдКом” корпорациясының бұрынғы президенті Бернард Эбберс алаяқтық жасағаны үшін айыпты болып танылды. Бұл компания 2002 жылы банкрот болып жарияланған болатын. Бұл АҚШ тарихындағы ең ірі корпоративтік дағдарыс болып табылады. Нью-Йорк сотының алқасы кеше Эбберсті 11 млрд. доллар қаржыны құрайтын алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп таныды. Ақырғы өкім маусым айында шығарылады. Ол 85 жылдық мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.