П.Вулфовец – Дүниежүзілік банктің президенті бола ала ма?

ВАШИНГТОН: Дүниежүзілік банк президенттігіне АҚШ президенті Дж.Буш ұсынған үміткер Пол Вулфовец, егер өзі осы лауазымға бекітілетін болса, банктің көпұлтты мүшелерінің пікірлеріне құлақ асып, ішкі келісімді сақтауға уәде беріп отыр. АҚШ-тың қазіргі қорғаныс министрінің орынбасары П.Вулфовец осыдан екі жыл бұрын Ираққа қарсы соғыс ашуды қызу қолдағандардың бірі болатын. Журналистермен әңгімесінде ол кедейлікке қарсы күресті Дүниежүзілік банктің басты міндеті ретінде көретінін мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, кедейлерге көмектесу өзіне көмектесу болып табылады.