Израиль армиясы Иерихон қаласын Палестинаның қадағалауына тапсырды, кезекте тағы 4 қала тұр....

ИЕРИХОН: Кеше өз армиясын шығарып болған соң Израиль Иерихон қаласын Палестинаның қадағалауына тапсырып, қаланың сыртындағы күзет постында Израиль мен Палестинаның қолбасшылары қол алысты. Иерихонның палестиндік қолбасшысы Аһмад Аид: “Осы сәттен бастап қауіпсіздік тізгіні палестиндіктердің қолына берілді” деп атап көрсетті. Иерихон – Израильдің өз армиясын шығарып, Палестинаның құзырына беруге міндеттенген 5 қаланың біріншісі. Сейсенбі күні Палестина лидері М.Аббас Израильмен арадағы бейресми бітімді орындауға үгіттеу мақсатында экстремистік топтардың лидерлерімен келіссөз өткізді.