Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы 14 жылдың жүзі болсада шетжұртта жүрген қазақ ағайындардың атажұртына қарай көші тоқтар емес. Осы жылдары Қазақстанға алыс жақын шетелдерден 350 мыңдай қазақ көшіп келген деген мәлімет бар. Ал биылғы жылы мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан үкіметі шетелден 15 мың қазақ отбасын қабылдағалы отыр.
Ал осы Қазақстан үкіметі бөліп отырған көші-қон квотасынан тысқары өз күшімен Қазақстанға көшіп келетін қазақтар саны квотадағы саннан 2-3 есе көп болмақшы. Осынша қазақ ағайындарды қабылдап алуға Қазақстан дайын ба? Қазақстанның экономикалық қал жағдайы түзеліп, өзінің көршілерінен оза шыққан соң ақ атажұртына деген қазақтар көші тіпті үдей түскен сыңайлы.
Алайда атажұртына көшіп келген қазақтар басында талай қиындықтар орын алып отырғаны өтірік емес. Мысалы Қазақстанға көшіп келгелі 2-3 жылдың жүзі ғана болған Түркиялық кәсіпкер қазақ Насыр Жаналтай өзінің Қазақстанда түрлі бюрократиялық кедергілерге ұшырап, қиналыс тапқан кездерін айтады.
Ең қиыны ол Қазақстан азаматтығын алу мәселесінде оған қажет сан түрлі қағаз құжатарды жинау, күн санап тосу екендігін айтады. Осы жарты жыл бола ма бір жыл бола ма сен Қазақстанда өзіңді шетел азаматы секілді сезінесің дейді ол.
Өйткені сен қанша қазақ болып тусаң да оған ешкім Қазақстанда назар аудармайды, жұмысқа тұру өте қиын, үй баспана сатып та ала алмайсың. Сондықтан да ең дұрысы шетелден көшіп келген әрбір қазаққа Қазақстанға келісімен ақ оған түрлі жеңілдіктер беретін ерекше мәртебе яғни статус берілуі керек дейді ол.
Ал Өзбекстанның Науай қаласынан осыдан 10 жыл бұрын Алматыға көшіп келген тіл маманы Ұрлықан Ысмагұлова өзінің деген баспанасы болмағандықтан осы күнге дейін Алматы қаласында тіркеле алмай жүргенін айтады. Ал Қытайдан келген журналист Болат Құрманжанұлы болса Қытайдан көшіп келетін қазақтар үшін ең бір қиын жағдайлар бар. Олар Қазақстаннан зейнетақы ала алмайды,көшіп келу үшін квотаға кіру деген өте қиын мәселе дейді ол.
Алматы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар департаменті төрағасы Аманкелді Нұрланов болса шетелден келіп жатқан ағайындар басында түрлі қиыншылықтардың барлығы рас, бәлкім көші-қон жөніндегі заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізген жөн шығар дегенді айтады. Ал қанша оралман қазақ өз мамандығы бойынша жұмысқа орналыстырылды деген сұраққа олардың көбі тіл жағынан қиналады сондықтанда оларды қайта оқыту, дайындау керек деген жауап естідік.
Сонда оралман қазақтар өз ана тілдерін білмегені ме жоқ әлде оларды басқа бір тілде үйрету, дайындау қосымша қажеттілік туындап отыр ма ол жағын жақсы түсінбедік. Алайда шетелден келіп жатқан қазақтар Қазақстанның тәуелсіздігінің берік болуы үшін ата бабасының қаны тамған осы жерге, елге ие болу үшін келіп жатқандарын айтады.