Қытай Пол Вульфовицтің кандидатурасын құптады

Жапония үкіметінен соң Қытай сыртқы істер министрлігі Дүниежүзілік банк президенттігіне Пол Вульфовиц тағайындалса, онымен әріптестік құрамыз деп мәлімдеді. Министрлік өкілі Пол Вульфовицтің кандидатурасын АҚШ вице-президенті Дик Чейни және Қытай вице-президенті Зең Қиңхоң сәрсенбі күні телефон арқылы талқылады деп айтты.

Дүниежүзілік банктің қазіргі президенті Джеймс Вульфенсонның екінші бесжылдық мерзімі 1 маусым күні аяқталады. АҚШ президенті Джордж Буш оның орнына Пол Вульфовицты ұсынамын деп кеше жариялаған болатын.