Франция, Ресей, Германия және Испания елдерінің басшылары демократия мен халықаралық заң ережелеріне негізделген әлемдік тәртіп орнатуға шақырады.

Бұл үндеуге президенттер Путин, Жақ Шырақ, кацлер Шредер және Испания бас министрі Запатеро қол қойған.

- Біздің ортақ мақсатымыз - халықаралық заң, ортақ мүддеге құрмет, барлық елдерге ортақ қауіпсіздік негізінде құрылған әділетті, демократиялық әлемдік тәртіп орнату, - деген Ресей президенті.

Германия канцлері Шредердің айтуынша, ЕуроОдақ елдері Ирандағы ядролық қаруларды дамытуға қарсы күресте Ресеймен өзара ынтымақтаса жұмыс істеуде.