Таяуда Израиль Тулькарм қаласын Палестинаға бермекші, Қалқилияны беруге дайындалуда.

ТЕЛЬ-АВИВ: Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаздың бүгін мәлімдегеніндей, Израиль таяуда Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы екінші қаланы Палестинаның қадағалауына береді. Тулькарм қаласын Палестина күштерінің қадағалауына беру мәселесін талдау үшін екі жақтың қолбасшылары өзара бүгін кездесуде. Ш.Мофаздың атап көрсетуінше, Палестина жағына үшінші қала – Қалқилия қаласын беруге де жан-жақты дайындық жүріп жатыр.