БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Қауіпсіздік кеңесін одан әрі кеңейтіп, сондай-ақ хұқық қорғау ұйымдарына қайта өзгерістер жүргізуге шақырды. Дүйсенбі күні Бас Ассамблеяға жеткізілетін баяндамасында Аннан мырза әскери күштерді қолдануға болатын мерзімдерді анықтайтын ереже енгізуді де сұрады. Осы жоспары арқылы Аннан мырза әлемдік көпжақты шаралардағы БҰҰ-ның бағытын сақтап қалу және “бағдарламаларды жүргізуге дұрыс басшылық жасалмай отыр”, деген тектес сындарға жауап беруді мақсат тұтуда. Аталған реформаларды әуелі әлем басшылары қыркүйектегі БҰҰ саммитінде мақұлдап, содан кейін Бас Ассамблеяның қолдауына ие болуы тиіс.