Қазақстанда «Жасыл ел» бағдарламасы қолға алынады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ
Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын дайындады. Бағдарлама жастарды еңбекке баулу, қоршаған орта - табиғатты аялау және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекованың айтуынша, «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде үкімет жанынан кеңес құрылған. Аталған құжат елді көгалдандыру, экология мәселелерін шешуді мақсат етеді. Бағдарламаны іске асыруға жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар кәсіптік білім беру ұйымдарының және орта мектептердің оқушылары қатысады дейді.

Жанар Үсіпбекованың айтуына қарағанда, Қазақстанда қазіргі уақытта 14 жастан 29 жасқа дейінгі 300 мың жас жұмыссыз. Сондықтанда аталған бағдарлама дер кезінде болып отыр. Бұл ел жастарының өз елін, қаласын, өз көшесін көгалдандыруға ат салысуын қамтиды деп ойлаймын дейді.

Оның айтуынша, «Жасыл ел» студенттік құрылыс отряды штабының да бұл бағдарлама аясында алар орыны бөлек. Жаз уақытында студенттер аталған бағдарламаға ат салыса алады. Сөйтіп, олар оқу ақысы қаржысын табады. Мұның барлығы әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылады дейді. Аталған бағдарлама аясында жастардың кәсіпкерлік ісін дамыту жайы да көзделіпті.

Ал, Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің екінші курс студенті Гүлсәнім жазғы демалыс кезінде жұмыс табылып жатса, оған тек қуанамыз дейді. Ал, оның құрбысы Тансу жастардың қай-қайсы да еңбек еткілері келеді тек екі қолға бір жұмыс табылып жатса болғаны дейді. Гүлсәнім бұрынғы кездері студенттік отрядттар, өндірістік тәжірибе жұмыстары болған олар қайта жаңғыртылса деген ойын айтты.

Ал, Нұрбол есімді студент қазірдің өзінде оқып, әрі жұмыс істеп жүрмін дейді. Біріші курста оқимын деген Гүлжанат та жұмыс болса, еңбек етер едім деп отыр.

Білім және ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда Қазақстандағы мемлекеттік және мемлекеттік емес 176 оқу орнында 600 мыңнан аса студент оқиды.