Бүгін Саакашвили Украина президенті Виктор Ющенкомен кездесіп, батысқа қарап бет түзеген екі елдің алдағы қарым-қатынастары, ынтымақтастық жолдары сөз болады.
Бірлескен қуат көздері жане тасымал жобалары бойынша келісімдер жасалады, сондай-ақ президенттердің күн тәртібінен Қырғызстандағы саяси дағдарыс та сырт қалмайды. Украина да, Грузия да Қырғызстанға арағайындық қызмет етуге тілек білдірген болатын. Киевке кетерінің алдында Грузия президенті Саакашвили:
- Біз Қырғыз президенті А.Ақаевқа жағдайды бейбіт шешуді ұсындық. Өкінішке қарай, кеше оның бізге берген жауабы оппозицияның барлығы қылмыскерлер деген сөз болды. Мен мұнымен келіспеймін. Біз енді Қырғыз оппозициясына қайрылып, қақтығыстар болдырмауға президент пен оның отбасына қауіпсіздік кепілдігін беруге шақырамыз, -деді.