Астанада өткен Қазақстан кәсіпкерлері конгресінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрші Қырғызстандағы жағдайға: «бұл елде жылдар бойы қордаланған жұмыссыздық пен кедейшілік бұқаралық наразылық туғызды» деп баға берді.
Қазақстан кәсіпкерлері көрші ТМД елдерінің бірқатар мемлекеттерінде болып жатқан тұрақсыз жағдайларды ескере отырып, өздері Қазақстан президентінің саясатын қолдайтындықтарына президент Назарбаевты сендіруне тырысты. Олар алдағы уақытта да Қазақстан президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты көргісі келетіндерін айтты.
Ал Нұрсұлтан Назарбаев көрші Қырғызстанда «жылдар бойы қордаланған жұмыссыздық пен кедейшілік бұқаралық наразылық туғызғанын» атап өтіп, «Қырғызстандағы оқиғаларды бағамдаған кезде, Қазақстанның ұстанған бағыты дұрыс» екенін қадап айтты.
Қазақстан басшысының сөзіне қарағанда, елдегі сәтімен жүргізілген экономикалық реформалар халықтың әл-ауқатының өсуіне жағдай жасап отыр. Ол осы бағытты әрі қарай жүзеге асыру үшін Қазақстан кәсіпкерлерін мемлекеттің кластерлік даму бастамасын қолдауға шақырды. Оның ойынша, шағын кәсіпкерлік саласы экономиканың 25 пайызын емес, 50 пайыздан астамын қамтуы тиіс.
Мемлекет басшысы Қазақстанда кластерлік даму тізбегін құру үшін жеті сала таңдалып отырғанын жеткізді. Олар: туризм, құрылыс индустриясы, тоқыма өнеркәсібі, азық-түлік, металлургия, мұнай-газ және көлік логистикасы.
Ал кәсіпкерлер атынан сөз алған Семейдің «Каполиграф» кәсіпорнының президенті Мейрамхан Айнабеков кәсіпкерлердің және жалпыұлттық одақ құрудағы мақсатын төмендегідей түсіндірді:
- Елдің дамуы қай бағытта өрбиді? Кіммен бірге болып, кімге арқа сүйейміз деген мәселе біздерді толғандырады. Осы мақсатта Қазақстан кәсіпкерлерінің жалпы ұлттық Одағын құру дұрыс деп есептейміз.
Айта кету керек, бұл жиынға кәсіпкер әйелдер жылдағыдан көбірек шақырылыпты. Соның бірі «Рысбаева және оның компаниясы» деп аталатын полиграфиялық кәсіпорынның директоры Сәуле Рысбаеваның пікірінше, кәсіпкерлердің бір одақтың астында бірігуі дұрыс қадам.
- Бес саусақ бірікпесе, жұмыс бітпейді. Сол сияқты әрқайсымыз осыған дейін өз бетімізбен жұмыс істеп келдік. Ешкім біздің сөзімізді сөйлеген жоқ. Ешкім бізді қорғаған жоқ. Қазіргі күнде өзімізді өзіміз қорғау үшін бірігіп жатқан сияқтымыз, - дейді кәсіпкер ханым.
Ал жеке кәсіпкер Дина Әбдірахманова болса, кәсіпкерлердің басындағы проблемалар енді шешімін табады деп үміттенеді:
- Қай жағынан болмаса да, жолымызға қойылған кедергілер бізде өте көп болды. Сәл бірдеңені бастайын десек, бір тексеру келеді, екіншісі келеді.
Өткен жылдың қазан айында биліктің қатысуынсыз Қазақстан кәсіпкерлері бас қосып, әкімшілік тарапынан кәсіпкерлерге жасалатын қысымның көп екенін, кәсіптерін кеңінен дамытуға мүмкіндік бермейтінін айтып, Қазақстан Президентіне Үндеу жолдаған болатын. Онда олар өздерінің проблемаларын тікелей Президентке жеткізу үшін, президент жанынан Ұлттық инвесторлардың Кеңесін құру жөнінде мәселе көтерген еді. Алайда бұл мәселенің күні-бүгінге дейін шешімі табылған жоқ.
Наурыздың 25-күні Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресі өткен Астанадағы «Конгресс-холл» сарайындағы орындардың жартысынан көбін кәсіпкерлер емес, студент жастар толтырды. Олар Президенттің әрбір сөйлеген сөздеріне «Нұрсұлтан-Қазақстан!» деп ұрандап қол соғып, қолдау көрсетіп отырды.
Астанада екі күнге созылған Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресі жұма күні «Атамекен» деп аталатын жалпы ұлттық Одақ құрумен аяқталды.