Бүгін Франция президенті Жак Ширактың Жапонияға сапары басталды.

Үш күндік ресми сапары барысында ол Жапония премьер-министрімен және императормен кездесулер өткізеді. Жак Ширак пен оның әйелі бүгін Жапонияның екінші үлкен қаласы - Осакада болады.

Жексенбіге Франция президенті Жак Ширактың Жапония үкіметбасы Коизумимен кездесуі жоспарланған. Талқыланатын өзге де мәселелермен бірге Европа Одағының Қытайға қару-жарақ сату жөнінде салған тиымын алу төңірегінде де әңгіме болады. Жапония Францияның аталған шектеулерді алу жөніндегі ұсынысына қарсы елдің қатарында. Ал дүйсенбі күні Жак Ширак Жапон императорымен кездесуі тиіс.