А.Петерле (ЕҚЫҰ): “Менің білетінім: Қырғызстандағы жаңа парламенттің заңды-заңсыздықты анықтау үшін “саяси диалог” керек”

БІШКЕК: Кеше кешкісін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Я.Кубиш пен ұйымның өкілі А.Петерле Бішкекте Қырғызстан президентінің әрі премьер-министрінің міндетін атқарушы Қ.Бәкиевпен арада еуропалық ұйымның Қырғызстанға қоғамдық тәртіпті қорғау, конституциялық және заңнамалық проблемаларды шешуге көмек беру мүмкіндігін талдады. Оның алдында Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы бір палаталы жаңа парламенттің құзырын растады. Бейсенбі күні Жоғарғы сот соңғы парламент сайлауы “жаппай заңсыздықпен өтті” деп тауып, оның нәтижесін жойған болатын. Алойз Петерле жаңа парламенттің заңды-заңсыздығын анықтау үшін саяси диалог керек деп мәлімдеді: “Менің білетінім: заңды-заңсыздықты анықтау үшін “саяси диалог” керек. Және, әлбетте, пікірлер соншалықты алшақ болса, онда саяси проблема ғана емес, техникалық проблема да бар деп айтар едім”.