Сейсенбі күні Алматыда теңізге шығатын жолы жоқ, әлемнің дамушы елдеріне арналған Алматы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырудағы халықаралық, аймақтық және өңрілік ұйымдардың рөлі туралы БҰҰ-ның халықаралық кеңес жиыны басталды.
БҰҰ-ның бастауымен Алматыда өтіп жатқан бұл халықарлық жиынға Дүниежүзілік Банктің, Дүниежүзілік кеден ұйымының, Дүниежүзілік Сауда ұйымының және халықаралық әуе транспорты, автомобиль көлігі секілді халықарылық ұйымдар мен Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің өкілдері қатысып отыр.
БҰҰ-ның бұл кеңес жиынын ашып сөз сөйлеген Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бұл жолғы жиынның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша әлемнің 50-ден астам елдері бүгінгі күні тікелей теңізге шыға алатын мүмкіндігі болмағандықтан әлем елдерімен саудасы кенжелеп, түрлі қиындықтарға душар болуда.
Теңізге тікелей шығатын жолы жоқ елдер көп жағдайда даму қарқыны жағынан нашар, кедей елдер болып табылады. Осыған байланысты 2003 жылы тамыз айында БҰҰ-ның бастамасымен Қазақстан үкіметінің қолдауымен әлемнің 80-дей елінен келген өкілдер мен халықаралық 20-дан астам ұйымынан қатысқан өкілдер әлемдегі теңізге тікелей шыға алмайтын осы елдерге арнап Алматы іс-қимыл бағдарламасы дегенді қабылдаған болатын. Қазақстан - теңізге тура шығатын жолы жоқ, территориясы жағынан әлемдегі ең үлкен мемлекет болып табылады.
Жиынға арнайы қатысып отырған БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары Анварул Чоудхури осы жолғы Алматы жиынына көбінесе халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысып отырғандығы Алматы іс қимыл бағдарламасының жүзеге асуына өзінің үлкен әсері болады деген сенімде екендігін білдірді.
Әлем тарихында теңізбен шектеспейтін елдердің сауда қарым-қатынасы басқа елдерге тәуелді болғандықтан олардың дамуы кенже қалып отырды. Осы жағдай бүгінгі күні де орын алуда. Мысалы, теңізге тікелей шыға алмайтын әлемдегі 50-дей мемлекеттің ішінде 16 ел әлемдегі ең мешеу дамыған елдер қатарына жатады.
Бұл елдердің кедей болуының басты себебі – ең алдымен олардың географиялық жағдайы, яғни теңізбен шектеспеуі, әлемдік нарықтан алыс қалуында болып отыр. Теңізбен шектеспейтін елдер өзге елдер арқылы сауда жасауға мәжбүр болғандықтан көптеген шығынға ұшырауда. Осыны азайту үшін Алматы іс-қимыл бағдарламасының толық жүзеге асуы өз пайдасын бермекші.